деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, қарашаның 18-де Павлодар қаласында 32 келіден астам апиын затын алу кезінде Қазақстанның екі азаматы құрықталған. Ал Жамбыл облысы аумағында облыстық ІІД «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлерінің «қамқорлығымен» есірткі заттарын сатумен айналысқан топ анықталған. Сондай-ақ қарашаның 19-да 23 келіден астам гашишті сату үстінде Жамбыл облыстық ІІД «Дельта-Жазық» есірткі бизнесімен күрес ауданаралық бөлімінің екі қызметкері ұсталған.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.