23 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 23 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

Фото: Kazinform/Midjourney

Нұрлан АРЫН, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, хирург

Фото: Nur.kz

1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін «педиатр» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984-1985 жылдары балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтіп, Алматы облысы Кеген аудандық орталық ауруханасында хирург дәрігер болып бастады. 1985-1987 жылдары С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтында балалар хирургиясы мамандығы бойынша клиникалық ординатурада білім алды. 1987 жылдан бастап Алматы қаласындағы №1 балалар қалалық клиникалық ауруханасының жедел хирургия бөлімінде хирург дәрігер қызметін атқарды. 1989-1990 жылдары С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының Орталық ғылыми-зерттеу зертханасындағы балалар жүйке жарақаттары зертханасының
кіші ғылыми қызметкер болды. 1990-1994 жылдары С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1994-1998 жылдарыА. Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, өкпе хирургиясы және жалпы балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998-2003 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының кеуде-абдоминальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болды.
2003-2005 жылдары Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа қарасты «Мейірім» көпсалалы медициналық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы балалар хирургиясы саласындағы ғылыми еңбектер циклі үшін Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2005 жылы «Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Нұрлан АХМЕТБАЕВ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары

Фото: Pro Kadry kz

1975 жылы Талдықорған облысының (қазіргі Жетісу облысы) Сарқант қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын 2000 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992-1999 жылдары - Сарқант қаласындағы «Асем» ЖШС-ның заңгері болып бастаған. 2001-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер Министрлігінің акциз өнімдерінің өндірілуі және өңделуі бойынша мемлекеттік қадағалау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2002-2003 жылдары Ақмола облысы Жақсы ауданы прокурорының көмекшісі, 2003-2004 жылдары Ақмола облысы Степногорск қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2004-2005 жылдары Ақмола облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры болды. 2005-2006 жылдары Орталық аймақтық көлік прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің көліктегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының көліктегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2007-2009 жылдары ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының көліктегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры қызметін атқарды. 2009 жылы ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының көліктегі заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры, 2009-2011 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары, 2011-2016 жылдары Бас көлік прокуратурасы Астана қаласының Әуе көлік прокуроры, 2016-2021 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. 2021-2023 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасының бастығы, 2023-2024 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаментінің бастығы, 2024 жылғы қаңтар-2026 жылғы тамыз аралығында Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыз айынан бастап атқарып келеді.

Талғат ҚОЗБЕКОВ, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Фото: gov.kz

1976 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданының Көктал ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Абай атындағы Мемлекеттік университетті «Экономист-маркетолог» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің жеке тұлғалардың салық аудиті секторының салық инспекторы болып бастаған. 1999-2000 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық комитеті Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің аға салық инспекторы, 2000 жылы Панфилов ауданы бойынша Салық комитеті Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу және жанама салықтар бөлімінің жетекші салық инспекторы, 2000-2006 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық комитеті Аудит бөлімінің жеке тұлғалар аудиті секторының басшысы, 2006-2007 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2007 жылы Панфилов ауданы бойынша Салық комитеті Салықтық аудит бөлімінің басшысы, 2007-2008 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық басқармасы Салықтық аудит бөлімінің басшысы, 2008-2010 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық басқармасы Аудит бөлімінің бас салық инспекторы, 2010 жылы Жамбыл ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары болды. 2010-2014 жылдары Панфилов ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2015 жылдары Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2018 жылдары Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2018-2020 жылдары Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды. 2025 жылы Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.

Данияр ӘЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы

Фото: Gov.kz

1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын, 2016 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2015 жылы Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаментінің қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеп-тексеру басқармасының басшысы, 2015 жылғы мамыр - 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының міндетін атқарушы, 2019 жылғы маусым - 2022 жылғы маусым аралығында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болды. 2022 жылғы маусым - 2024 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы наурыз айынан бастап атқарып келеді.

Дәурен ҚОЙГЕЛДИН, Абай облысы, Мақаншы ауданының әкімі

Фото: Абай облысының әкімдігі

1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Көкпекті аудандық мәслихаты аппараты бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2006-2008 жылдары Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы, 2008-2009 жылдары Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2009-2011 жылдары Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, 2011-2018 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Преображенка ауылы, Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі болды.

2018-2024 жылдары – Абай облысы, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.

Аударған: Ақзат Жиеналина