23 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 23 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
62 жыл бұрын (1961) профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, хирург Нұрлан МұхтарұлыАРЫН дүниеге келді.
Алматы қаласының тумасы. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген, педиатр (1984).
Еңбек жолы: балалар хирургиясы бойынша интернатура, Алматы облысы Кеген орталық аудандық ауруханасында хирург дәрігер (1984-1985); Алматы мемлекеттік медицина институтында балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатура (1985-1987); Алматы қаласындағы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының жедел хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері (1987 жылдан); С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының балалар жүйке жарақаттары зертханасының кіші ғылыми қызметкері (1989-1990); С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті (1990-1994); А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, өкпе хирургиясы және жалпы балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі (1994-1998); А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының кеуде-абдоминальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1998-2003); «Мейірім» көпсалалы медицина орталығы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Астана) директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005).
2002 жылы балалар хирургиясы бойынша ғылыми жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты атағы берілді. 2005 жылы «Қазақстандағы ғылымды дамытқаны үшін» медалімен марапатталған.
57 жыл бұрын (1966) «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» АҚ Бас директорының Даму жөніндегі орынбасары Мұрат Жаубайұлы ИҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Воронеж облысының Семилуки қаласында №24 техникалық училищесін машинист-турбинист мамандығы бойынша, Саратов мемлекеттік техникалық университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша (1997) бітірді.
Еңбек жолы: 1984-2012 жж. «Саратовтрансгаз» (кейіннен «Ақтаутрансгаз» ЖАҚ) №34 турбокомпрессорлық цехтың технологиялық компрессорлар машинисі, Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы (2012-2013); «Жайықжылуқуат» АҚ директоры (2013-2015); Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетика кешенінің бас маманы (2017 ж.); Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары (2017 ж.); Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2018-2020); «МАЭК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары (2021 жылдан бастап).
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарімен марапатталған.
47 жыл бұрын (1976) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары Ескендір Көпбосынұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.
Алматы облысындағы Қапшағай қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, заңгер. 1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің референті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан – ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан –ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмысы басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан – Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылғы қарашадан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
2011 жылдан бері қазіргі қызметінде.
46 жыл бұрын (1977) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шариұлы МАМАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: «SBT» ЖШС бухгалтері (1999-2000); Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің маманы, бөлім бастығы (2000-2003); бөлім бастығы, басқарма басшысы, Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (2003-2006); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ірі салық төлеушілерді басқару және мониторинг бөлімінің бастығы (2006-2008); Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы (05.2008-03.2012); Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің бастығы (07.03.2012 - 2014.); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы (11.2014 - 05.2017); ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (2017-05.2019). Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.
41 жыл бұрын (1982) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігігің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Дуппайұлы ӘЛИЕВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын (2004); Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (2016); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын (2020) бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызмет (2004-2015); Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаментінің Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу бөлімінің бастығы (2015); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2015-2019); Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы (2019 ж.); Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (2019-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдан бері атқарып келеді.
ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.