23 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.15-те Hilton Garden Inn қонақ үйінде PR және коммуникацияларды дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы «International PR Forum Astana» конференциясы өтеді.

10.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Парламент Сенатының «Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік» комитетінің депутаттарымен құрылыс саласы мәселелері бойынша кездесу өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.

11.00-де М. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінде «Сот жүйесін одан әрі реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Онда сот жүйесін одан әрі реформалау мәселелері талқыланады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жолдау аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты концерті өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

19.00-де Жастар театрында «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі көрсетіледі.