Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді. Күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні 25 м/с артады. Күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Атырау, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Павлодар облысының жекелеген аумағында тұман болады.
Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болжанады.
Сондай-ақ Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.