23 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА
Сағат 9.30-да «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша Астанадағы бірқатар білім беру мекемелеріне барады.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.
Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде VII Халықаралық университет кітапханасын дамытудың жаңа жаһандық үрдістері туралы конференция өтеді.
Сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайының мәжіліс залында алдағы "Kazakhstan Fashion Week Astana" сән апталығы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.50-де Астана халықаралық әуежайының әскери бөлімі аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалар көрмесінің ресми ашылуы болады.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтардың Үкіметі» мемлекеттік корпорациясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат14.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасына арналған баспасөз мәслихаты болады.
Сағат 15.00-де Сенатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі тыңдалады.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылдың 6 маусымынан 16 шілдесіне дейін болатын инновациялық гранттарға өтінімдерді беру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 17.00-де «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі.
АЛМАТЫ
Сағат 9.00-де "The Ritz-Carlton"-де 15-ші Еуразиялық медиа форумының ашылу салтанаты өтеді. Халықаралық коммуникациялық алаң 2002 жылы құрылған. Және жыл сайын өзінің ақпараттық алаңында әлемнің 60 елінен 500 делегаттың басын біріктіреді.
Сағат 9.00-де Орталық анықтамалық зертханада ашық күн өтеді. Бұл күні зертханада экскурсиясы ұйымдастырылып, зертхананың мақсат-міндеттері туралы айтылып, жұмыс барысы таныстырылады.
Сағат 10.00-де «Тұран» университетінде «Қазақстандық медициналық туризм брендін қалыптастыру және халықаралық нарыққа медициналық қызмет көрсетуді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 10.00-де Алматы облысы, Талғар ауданы, Каменное Плато ауылында контрабандамен күресу үшін Кеден қызметі мен құқық қорғау бөлімдерінің басшыларының кездесуі болады.
Сағат 15.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының тұсаукесері және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
АТЫРАУ
Сағат 10.00-18.00-де Ш.Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінде Астаналық Тәуелсіздік сарайының көрмесі өтеді.
Сағат 19.00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында Астана қаласының Академиялық оркестрінің концерті өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 11.30-да Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде көрме өткізіледі. Онда ғалымдар оқулықтарға байланысты ой-пікірлерін білдіреді.
КӨКШЕТАУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласы №1 Құрылыс техникалық колледжінде білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» тақырыбында облыстық конкурсы өтеді.
ӨСКЕМЕН
Сағат 18.00-де ШҚО облыстық драма театрында (Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі-55) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Біртүрлі ақын» атты шығармашылық кеші болады.