23 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де PrimeMinister.kz сайтында ҚР Үкіметінің отырысы басталады. Күн тәртібінде бизнес ахуалды жақсарту және жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралады.
10.00-да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумы өтеді. Форум аясында Мемлекет басшысының бейнежолдауы және «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі жоспарланған.
15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның, ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Ләззат Рамазанованың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланған.
АЛМАТЫ
15.00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде қаладағы COVID-19 жағдайы туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.