«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с артатыны болжанады.
Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан облыстарның кей жерлеріне тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарынның жекелеген аумақтарын тұман басуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.