23 наурызда күн ашық болады - Қазгидромет
01:01, 23 Наурыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 23 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.
Тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман сақталады.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады, жел күшейеді.