23 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 23 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Елорда аудандарында жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған бірқатар мемлекеттік органдар қатысады.

15.00-де «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай елордалық этномәдени бірлестік арасында би фестивалі өтеді.

16.00-де V Еуразиялық кітап жәрмеңкесінде Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі «Тарихи ағарту және білім беру: жастарды тарихты оқуға қалай тарту керек» форумын ұйымдастырады.

18:30-да Жастар театрында «Дүние жалған» рухани кеші өтеді.

19.00-де Астана Балет театрында Сұлтан Бейбарыс қойылымы көрсетіледі.