23 сәуірдегі Головкин-Джонсон жекпе-жегінің болмау қаупі туындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Туреано Джонсонның Геннадий Головкинмен 23 сәуірге белгіленген жекпе-жегі багамалықтың жарақаты себебімен өткізілмеуі де мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы өзінің твиттерінде Golden Boy Promotions компаниясына сілтеме жасаған ESPN тілшісі Дэн Рафаэл жазды.

«Golden Boy Promotions-қа сәйкес, Туреано Джонсон Геннадий Головкинмен 23 сәуірде болуы мүмкін жекпе-жекке шыға алмайды, себебі оның иығына ота жасалуы керек», - делінген хабарламада.