23 сәуірде елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 23 сәуірде елімізде өтетін маңызды оқиғалардың алдын ала шолуын ұсынады. 

АСТАНА

9:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

9:00-де Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманның Қазақстан Республикасына ресми сапары басталады. 

9:30-да EXPO Халықаралық көрме орталығында үш ірі өнеркәсіптік көрме өтеді: Kazakhstan Machinery Fair VI Халықаралық мамандандырылған машина жасау және металл өңдеу көрмесі, SU ARNASY – Water Expo XIV Халықаралық су индустриясы көрмесі және Өңдеу өнеркәсібіне арналған ONDEU EXPO V халықаралық көрмесі. 

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. 

11:00-де Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің IV отырысы өтеді. 

14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. 

15:00-де ҚР Президенті орталығында танымал тележурналист Майя Бекбаеваның «Қазақстан. Жеңіске қосқан үлес. 1941–1945» атты кітап-альбомының ресми таныстырылымы өтеді. Шара Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына арналған. 

15:30-да ҚР Президенті орталығында «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық конференция өтеді. 

16:00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады.