Бұл туралы РИА «Новости» жазды.
"Газель" жолаушылар шағын автобусы сейсенбі күні Шешенстанның Веденск ауданында құзға құлады. Шағын автобус дағыстандық Хасавюрта қаласынан Шешенстан аумағы арқылы Дағыстанның шекара маңындағы ауданына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан, ресми деректер бойынша, 10 адам қаза тапты, сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Жарақаттанғандардың ішінде бала бар.
"23 шілде күнін Шешенстан Республикасында аза тұту күні деп жариялау шешімін қабылдадым", - деп жазды Қадыров.