23 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
23 шілде, ДҮЙСЕНБІ
2009 жылғы шілденің 23-і - 1430 хижра жылының 1-ші шағбаны. Шағбан айының 1-ші жұлдызы.
Египет Араб Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1952). Генерал Мұхаммед Нәджіб Египетті Республика деп жариялады.
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 6-ында орнатылды. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Тасымов Бахтияр Сардарбекұлы. Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Әбд әл-Маужуд Хабаши.
Киттер мен дельфиндердің бүкіләлемдік күні. Бұл мереке 1986 жылы Киттер қасапқанасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) 200 жылға жалғасқан аяусыздықпен қырып-жоюдан кейін, киттерді аулауға тыйым салғаннан бастап бекітілді. Тыйым бүгінгі күнге дейін өз күшінде және барлық әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ олардың саудасына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.
Оңтүстік Осетияда БАҚ қызметкерлерінің күні. 23 шілде кездейсоқ таңдап алынған жоқ - 1906 жылдың дәл 23 шілдесі күні Владикавказда осетия тілінде алғашқы газет «Ирон газет» («Осетия газеті») шықты.
Абхазия Туының күні. 2006 жылдың 3 маусымы күні Абхазия Президенті Сергей Багапш Халық Жиналысы - Парламентпен қабылданған «Абхазия Республикасындағы естелік және мерекелік күндер туралы» Республика Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы жылдан бастап 23 шілде Абхазия Республикасы Мемлекеттік туының күні болып жарияланды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
17 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
13 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды.
13 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы шықты.
183 жыл бұрын (1829) Уильям Остин Барт баспа құрылғысына патент алды.
5 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлыбритания Біріккен Королдігі және Солтүстік Ирландия Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы» Заңдарға қол қойды.
3 жыл бұрын (2009) Қазақстанда Саяси шешімдер институты жұмыс істей бастады.
Саяси шешімдер институты елдегі саяси шешімдерге қоғамның толыққанды араласуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Жаңа институт пікірсайыстар, брейн-сторминг, дөңгелек үстел жиындары, конференциялар, брифингтер, таныстырылымдар, қоғамдық талдаулар, пікірталастар, саяси рауттарды өткізумен айналысады. Сондай-ақ талдау және кеңес беру, қолданбалы саяси зерттеулерді және әлеуметтік сауалнамаларды жүргізу және сарапшылардың кәсіби желісін қалыптастыру мәселесі де басты назарда болады.
3 жыл бұрын (2009) Ақтөбе қаласы мәслихаттының шешімі бойынша бірқатар атаусыз көшелер жаңа атауға ие болып, ал кейбір көшелердің аты өзгертілді.
Қалалық ономастикалық комиссияның шешімі бойынша қаланың ортасындағы атаусыз көшеге XVIII ғасырдағы Қазақ мемлекетінің көрнекті қайраткері, биі Бөгенбай батырдың, тағы да Заречный-2 ықшамауданындағы атаусыз көшеге XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи тұлғалардың бірі Қайдауыл батырдың есімі берілді. Жол полициясы басқармасы ауданындағы көшеге Қазақ КСР ҒА академигі Сақтаған Байышевтің есімі берілді. Ақжар кентіндегі екі көшеге Береке және Бірлік атауы берілді. Заречный-1 ықшам ауданындағы Энтузиастер көшесіне Жауынгер-интернационалистер, Новая көшесіне Кеңес Одағының Батыры, Ақтөбе облысы Мартұқ ауданының тумасы, барлаушы Федор Озмителдің есімі берілді.
Ақтөбе маңындағы «Новый» елді мекенінің атауы қазақша «Жаңақоныс» деп өзгертілді.
301 жыл бұрын (1711) Прут келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Ресей Түркияға Азов теңізін қайтарды және Таганрот бекінісін бұзуға міндеттелді.
253 жыл бұрын (1759) Жетіжылдық соғыстың Пальцигск шайқасы. Орыс әскерлері прусс корпусын талқандады.
61 жыл бұрын (1951) Францияның Рокенкорт қаласында НАТО-ның штаб-пәтері ашылды.
37 жыл бұрын (1975) Канада КСРО балық аулау кемелері үшін өзінің антлантикалық порттарын жапты.
33 жыл бұрын (1979) Иранның діни көшбасшысы Аятолла Хомейни жастарды азғындырады деген желеумен музыканы трансляциялауға тыйым салды.
29 жыл бұрын (1983) «Тамил-Илам бостандығының жолбарыстары» ұйымының содырларын торуылдаған Шри-Ланка әскерінің 13 солдаты мерт болды. Шри-Ланкада азаматтық соғыс басталды.
20 жыл бұрын (1992) Абхазияның Жоғарғы Кеңесі Грузиядан өзінің тәуелсіздігін жариялады.
ЕСІМДЕР
128 жыл бұрын (1884-1937) жазушы, драматург ЖОМАРТБАЕВ Тайыр дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Көкбай медресесі мен Уфадағы «Ғалия» медресесін бітірген. 1911-1915 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі А.Орманова қыз балаларға сабақ берген. 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген «Қыз көрелік» романы басылып шықты. 1915-1928 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болды. 1928-1930 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры қызметін атқарды. 1930-1937 жылдары Семей педагогикалық техникумының оқытушысы болды.
Т.Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, «Айқап», «Жаңа мектеп» журналдары мен «Қазақ», Алаш» газеттерінде мақала, фельетондар жазып тұрды. Оның «Сары сүйек құда», «Осы ма, қазақ өмірің?» атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласындағы №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып, Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген. 1956 жылы ақталды.
102 жыл бұрын (1910-1973) СУХОБОКОВ Владимир Леонидович - кинорежиссёр, Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Түркімен КСР-нің еңбек сіңірген артисі дүниеге келді.
Беларусияның Гомелский облысы. Рогачёв қаласында туған. Ленинград театр институтының кино бөлімін бітірген (Санкт-Петербор мемлекеттік театр өнері академиясы).
«Союзкино», «Белгоскино», «Союздетфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Орталық киностудиялар бірлестігінің режиссердің көмекшісі, ассисенті, екінші режиссері, монтаж жөніндегі режиссері қызметтерін атқарған. Көптеген деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің, дубляждардың режиссері. 1952 жылдан С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік киноматография институтының режиссерлік монтаж факультетінің кафедрасында аға оқытушысы болған.
«Молодая гвардия» фильмі үшін БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
67 жыл бұрын (1945-2009) футболшы, КСРО чемпионы, футболдан республикалық дәрежедегі төреші, Кеңес және Ресейдің қоғам және спорт қайраткері АБАСОВ (Аббасов) Ариф Микаэлович Абасов дүниеге келді.
Томск педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген. Әзербайжан футболының тәрбиеленушісі. 1990-2000 жылдары Томск облыстық футбол федерациясын басқарған. Ресейдегі ТВ-2 телекомпаниясының қысқы футболдан бұқаралық турнирді ұйымдастырушылардың бірі. Кәсіби футбол клубтарының төреші-инспекторы болған. 1961 жылы Әзербайжан КСР құрама командасында ойнап, оқушылар арасында КСРО чемпионы болған. Бүкілодақтық жасөспірімдер арасында өткен біріншіліктің күміс жүлдегері. Томск құрама командасындағы үздік шабуылшылардың бірі болып 53 доп соққан. КСРО кубогы мен біріншіліктерінде 68 доп соғып, Ресейдің ең үздік төрешілер қатарына енген. «Дене тәрбиесінің үздігі» атағына ие болған.
68 жыл бұрын (1946) «Эмбаведьойл» мұнай өңдеу компаниясының бас директоры, экономика ғылымының докторы, профессор, «Экология» Ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымы академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы, Мақат ауданының құрметті азаматы ШЕРДАБАЕВ Мағауия Тәжіғараұлы дүниеге келді.
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында туған. Жамбыл гидромелиоратив-құрылыс институтын, Иван Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиялық және газ өнеркәсіп институтын, Қазақ академиялық университетін бітірген. 1981-1984 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігі Мұнай өңдеу жұмыстары Каспий маңы басқармасының бас маманы. 1984-1991 жылдары - «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі партиялық комитетінің хатшысы, бас директордың орынбасары. Қазіргі қызметінде 1991 жылдың қазанынан бастап істейді.
1996 жылдан - Атырау мұнай-газ институтының Экономика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы. 1999 жылдың қазанынан Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды. 2005 жылдан - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясындағы (ЭСКАТО) Жалықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымы академиясының өкілі.
120-ға жуық ғылыми жарияланымның авторы.
«Құрмет» орденімен, Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымы академиясының орденімен, медальмен марапатталған.
31 жыл бұрын (1981) онсайысшы, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері КАРПОВ Дмитрий Васильевич дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Бапкері - В.Б.Карпов. 2001-2007 жылдардағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Азия ойындарының (2002, Пусан, Оңтүстік Корея) және 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері (2003, Париж, Франция, 2007, Осако, Жапония). Олимпиалық ойындардың қола жүлдегері (2004, Афины, Грекия).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
61 жыл бұрын (1951) Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі ДЕНИНГ Николай Яковлевич дүниеге келді.
Солтүст ік Қазақстан облысы Ленин ауданы Тонкошуровка ауылында туған. Целиноград ауылшаруашылық институтының экономикалық факультетін бітірген (1972).
Аталған қызметінде - 2012 жылдың ақпанынан.
«Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
66 жыл бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі КЕНЖИН Төлеш Әукебайұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған.
1970-1975 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының толық курсын тыңдады (сырттай оқу бөлімі).Еңбек жолын 1961 жылы бастады. 1961-1965 жж. - ҚКҒЗИ лаборанты. 1965-1968 жж. - Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген. 1968-1971 жж. - № 35 шахта, МШМБ хронометражшы, жерасты электр слесарьларының бригадирі. 1971-1973 жж. - «Северная» шахтасының жерасты электр слесары, комсомол ұйымының хатшысы. 1973-1977 жж. - «Шахтинск» шахтасы директорының көмекшісі, шахта партия комитетінің хатшысы, ауысым басшысы, техникалық кешен шебері. 1977-1979 жж. - «Целиноградэлеватормельстрой» Қарағанды ЖМК жабдықтау бөлімінің бастығы. 1979-1981 жж. - «Сарань» шахтасы директорының орынбасары.
1981 -1989 жж. - ликер-арақ зауытының дайын өнім экспедиторы.
1989-1993 жж. - коммерциялық құрымдарда жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап ҚКХП ОК хатшысы.
2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.
64 жыл бұрын (1948) Алматы облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы БЕКТҰРСЫНОВ Ызғарбек дүниеге келді.
38 жыл бұрын (1974) Астана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі МҰРЗАЛИНОВ Жанболат дүниеге келді.