ЕСІМДЕР
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында туған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін бітірген. 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.
Еңбек жолы: 1987 жылдың қараша айынан бастап 1989 жылдың қараша айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;1990 жылдың 25 мамырынан бастап Алматы қаласы ІІБ МАИ жол милициясы жеке батальонының жол милициясы аға инспекторы; 1996 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ҚІІБ ЖПБ жол полициясы жеке батальонының взвод командирі; 2002 жылдың 08 қазанынан бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы мамандандырылған жеке батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары; 2005 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы жеке батальонының командирі; 2007 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2008 жылдың 15 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2013 жылдың 02 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы; 2013 жылдың 08 қазанынан бастап Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы; 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы; 2018 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 22 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2019-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
Қызылордада туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1994); Қызылорда мемлекеттік университетін (1999); Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2002); Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ) (2006) бітірген.
Еңбек жолы: Қызылорда қаласы бойынша салық инспекциясының маманы (1994-1996); Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, басшы орынбасары, бөлім басшысы, басқарма басшысы, төраға орынбасары (1996-2001); Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі басқарма басшысы (2005-2006); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2006); Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі (2006-2007); Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2007); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2007-2008); Қызыорда облысындағы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ өкілдігі директорының орынбасары (2008-2010); Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» қаржылық компания» АҚ филиалының директоры (2010-2012); Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономиалық комссияда жұмыс істегенде МЖӘ саласындағы мемлекетаралық өзара әрекет мәселелерімен айналысқан (2012-2017); «ҚМЖӘО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2019).
Қазіргі қызметінде 2019 жылғы мамыр айынан бастап.
Қарағанды облысының тумасы. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы), Көкшетау экономика және менеджмент институтын (мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры) бітірген. Еңбек жолы:1997-2003 жылдар аралығында мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 2003-2005 жылдар аралығында Степногорск қаласы әкімі аппаратында жұмыс істеді. 2005-2012 жылдары Степногорск және Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды. 2012-2019 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды. 2019-2022 жылдары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды. Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (12.2019).