23 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 23 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1969)Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Әсембекұлы МАЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында туған. ҚР ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін бітірген. 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.

Еңбек жолы: 1987-1989 жылдары Қарулы Күштер қатарында болған. 1990-1996 жылдары Алматы қаласы ІІБ МАИ жол милициясы жеке батальонының жол милициясы аға инспекторы, 1996-2002 жылдары Алматы қаласы ҚІІБ ЖПБ жол полициясы жеке батальонының взвод командирі, 2002-2005 жылдары Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы мамандандырылған жеке батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары, 2005-2007 жылдары Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы жеке батальонының командирі, 2007-2008 жылдары Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2013 жылдары Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылы Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, 2013-2016 жылдары Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, 2016-2018 жылдары Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді.

50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдіұлы АМАНГЕЛДИЕВ дүниеге келді.

Фото: gov.kz

Ұлытау облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін, Сингапур Ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1996 жылы Қарағанды ​​облыстық қаржы басқармасының бас маманы болды. 2004-2007 жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген. 2016-2023 жылдары «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде және Президент Әкімшілігінде қызмет тқарған. «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы АХҚО менеджердің кеңесшісі, басқарушы директоры болды.

2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ішкі аудит департаментінің директоры Юрий Егорович КАППЕЛЬ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Ақмола облысының Аршалы ауданында туған. «Экономист», «заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаменті бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, 2005-2008 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаменті бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, 2008-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржы департаментінің бюджеттік жоспарлау және көлік-коммуникация кешені кәсіпорындарымен жұмыс басқармасының бастығы, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қаржы және Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, 2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары, 2017-2023 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры, 2023-2024 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджеттік департаментінің директоры, 2024 жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Қазіргі лауазымын 2024 жылғы желтоқсан айынан бері атқарып келеді.