ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1969) ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Әсембекұлы МАЛЫБАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында туған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін бітірген. 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.
Еңбек жолы: 1987 жылдың қараша айынан бастап 1989 жылдың қараша айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;1990 жылдың 25 мамырынан бастап Алматы қаласы ІІБ МАИ жол милициясы жеке батальонының жол милициясы аға инспекторы; 1996 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ҚІІБ ЖПБ жол полициясы жеке батальонының взвод командирі; 2002 жылдың 08 қазанынан бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы мамандандырылған жеке батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары; 2005 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы жеке батальонының командирі; 2007 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2008 жылдың 15 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2013 жылдың 02 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы; 2013 жылдың 08 қазанынан бастап Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы; 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы; 2018 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 22 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2019-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдіұлы АМАНГЕЛДИЕВ дүниеге келді.
Ұлытау облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Сингапур Ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы (1996); Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген; Денсаулық сақтау вице-министрі (2004-2007); «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген; «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы АХҚО менеджердің кеңесшісі, басқарушы директоры болды (2016-2023).
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.