ЕСІМДЕР
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығысының лауреаты
1944 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайық ауылында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1966-1971 жылдары Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975–1981 жылдары «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болды.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қанышым — іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген. С. Капутикян, В. Тушнова, А. Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
«Құрмет» (2005) орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарымен, «Тіл жанашыры» (2008), «Қазақстан Республикасының полициясына 20 жыл» (2015), «Желтоқсан оқиғасына — 30 жыл» (2016) төсбелгілерімен марапатталған.
Ақан БИЖАНОВ, мемлекет және саясат қайраткері
1949 жылы Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-электрик, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы. Саяси ғылымдар академиясының вице-президенті.
2000-2005 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2005-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2017-2021 жылдары «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМК директоры қызметін атқарған. Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы (2021 жылдан бері). ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі.
«Құрмет», «Парасат», ТМД ПАА «Содружество» ордендерімен марапатталған.
Асқар ЖҮСІПБАЛИЕВ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
1963 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Үйіл ауылында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Агроном» мамандығы бойынша бітірген. Алматы экономика және статистика академиясы, «Экономист» мамандығы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1987-1991 жылдары агроном-тұқымшы, Хобдин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1991-1998 жылдары Хобдинский Ресей ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, бастығының орынбасары, 1998-2007 жылдары «Бестау» ЖШС директоры, 2007-2008 жылдары Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, 2008-2011 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы, 2011-2016 жылдары Ақтөбе облысы Хобдин ауданының әкімі, 2016-2018 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
2025 жылдың қаңтар айынан бері қазіргі қызметінде.
Ольга ПЕРЕПЕЧИНА, қоғам және саясат қайраткері
1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1989 жылы Қорған ауыл шаруашылығы институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1989-1992 жылдары «Новокаменский» кеңшарының экономисі, 1992-1996 жылдары агрофирманың бас экономисі, 1996-2002 жылдары Қызылжар аудандық қаржы басқармасының басшысы, 2011-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы статистика департаменті басшысының орынбасары, басшысы, 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі, 2017-2022 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2022-2026 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары қызметінде болды.
«Құрмет» ордені (2016), «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», тағы басқа медальдар иегері.
Файзулла БАЙДУЛЛАЕВ, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы
1985 жылы Шымкентте туған. ОҚМУ «банк ісі» мамандығы бойынша, Шымкент университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2005-2009 жылдары «Альянс Банк» жүйесінде жұмыс атқарды. 2009-2016 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеңесші, бөлім басшысы, 2016-2019 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, 2019-2022 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры, 2022 жылы Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі, 2022-2025 жылдары «Түркістан» ӘКК басқарма төрағасы, 2025-2026 жылдары Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2026 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.