9.00-де Sheraton Astana қонақ үйінде Азия жоғары аудит органдары ұйымы экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының 9-отырысы өтеді.
Отырысқа 15-тен астам елдің жоғары аудит органдары өкілдері қатысады.
9.30-да Астанада табиғи монополия объектілері бойынша баспасөз туры өтеді.
Онда «Астана - өңірлік электржелілік компания» АҚ 3 объектісіне бару, «ПНФ» қосалқы станциясын қайта жаңарту (Мирзоян, 29п үй), «Орталық» қосалқы станциясын қайта құру (Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 4 үй), тарату және трансформаторлық қосалқы стансалардағы жабдықтарды ауыстыру (Күйші Дина көшесі, 1 үй) жоспарланған.
11.00-де KASE онлайн-форматта 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерге арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ эмитент күнін өткізеді.
11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Халықты жұмыспен қамту: елордадағы еңбек мобильділігі орталығының жұмысы туралы» онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қаласы әкімдігінің еңбек мобильділігі орталығы директоры Олжас Омар.
12.00-де Жеңіс даңғылы, 5 мекенжайында Қазақстан Республикасының білікті заң кадрларын даярлау мен дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым, ұстаз, профессор Қазбек Әбусағитұлы Жиреншин тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады.
12.00-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездеседі.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
17.00-де ParkInn қонақ үйінде «Қазақстандағы гендер: теріске шығарудан қабылдауға дейін» атты пікірталас өтеді.