23 тамыз. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1944) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі БАҚТЫГЕРЕЕВА Ақұштап дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. 1966-1971 жылдары - Орал облысы «Орал өңірі», Талдықорған облысы «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінің әдеби қызметкері. 1971-1972 жылдары - «Қазахфильм» киностудиясының редакторы. 1972-1975 жылдары - «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. 1975-1981 жылдары «Жазушы» баспасының аударма редакциясының редакторы қызметтерін атқарған. 1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Қазір Қазақстан жазушылары Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы. 1967 жылы тұңғыш «Өрімтал» өлеңдер жинағы жарық көрген. «Наз», «Қанышым - іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Ақ қанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Белокрылая», «Ақжелең», «Сүмбіле» атты кітаптарының авторы. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы жарық көрді. С.Капутян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

69 жыл бұрын (1949) «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМК директоры БИЖАНОВ Ақан Құсайынұлы дүниеге келді.

Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-электрик, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы. Саяси ғылымдар академиясының вице-президенті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі.

2005-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА «Содружество» орденімен, жеті медальмен марапатталған.




61 жыл бұрын  (1957) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары ИСІМБАЕВА Гүлмира Истайбекқызы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша, сондай-ақ С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 1990 - 1993 жылдары - XII сайланған Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды дамыту және халыққа білім беру мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары. 1993 - 2007 жылдары - Алматы қаласы білім департаментінің директоры. 2007 - 2011 жылдары - ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 - 2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының, 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букваренок» оқу құралының, «Языковое самосознание и мотивация языков» оқулығының авторы.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, омырау белгісі ұсыныла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин омырау белгісімен, «М.В. Ломоносов» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1957) Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы ҚЫШҚАШБАЕВ Тілеуғали Әшірбекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1981 жылы Құрманғазы атындағы Алматты мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын Балқаш қаласында педагогикалық училище оқытушысы болып бастады.

1983-1988 жылдары - П.Чайковский атындағы музыкалық училище оқытушысы. 1988-1994 жылдары - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1996-1998 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі өнер басқармасының бастығы. 1998-2000 жылдары Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы. 2000-2008 жылдары - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры. 2008 жылдан 2012 жылғы наурызға дейін «Тәуелсіздік сарайы» КМҚК директоры. 2012 жылдың 12 наурызында Мәдениет жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2015 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

55 жыл бұрын (1963) Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі ЖҮСІБӘЛИЕВ Асқар Қазиханұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном, Алматы экономика және статистика институтын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Исатай (қазіргі Қобда) ауданында «Ақыраб» кеңшарының агрономы болып бастаған. Қобда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, бастықтың орынбасары, Қобда ауданындағы «Бестау» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылы облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы болды.

2011-2016 жылдары Қобда ауданының әкімі болды. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы шілде айынан.

 51 жыл бұрын (1967) Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі ПЕРЕПЕЧИНА Ольга Валентиновна дүниеге келді.

Солтүстік  Қазақстан облысында туған. Қорған ауылшаруашылық институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді (1989).

Еңбек жолы: «Новокаменский» совхозының экономисі (1989-1992); агрофирманың бас экономисі (1992-1996); Қызылжар аудандық қаржы басқармасының басшысы (1996-2002); Солтүстік  Қазақстан облысындағы статистика департаменті басшысының орынбасары, басшысы (2011-2014).

2014 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» ордені (2016); «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының иегері. 

49 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі ИСАЕВА Гүлмира Сұлтанбайқызы дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген.
1991 жылы Ет және ет өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтын үздік бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1996 ж.), философия докторы (PhD, 2010).
Еңбек жолын 1991 жылы Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтының Ет және ет өнімдерінің технологиясы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.
1991-1994 жж. - Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтының аспирантурасында оқыған.
1994-1998 жж. - Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтында әр түрлі қызметте болды.
1998-2000 жж. - «Еңбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ет және ет өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі бас технологы.
1996-2001 жж. - Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми кеңесшісі, зоотехник-селекционері.
2001-2007 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы технологиясы факультетінің декан орынбасары, аға оқытушысы.
2007-2011 жж. - «Сrown Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мал шаруашылығы және етті қайта өңдеу департаментінің директоры, коммерциялық директоры.

2012 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.