ЕСІМДЕР
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайық ауылында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1966-1971 жылдары Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975–1981 жылдары «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қанышым – іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген. С. Капутикян, В. Тушнова, А. Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Құрмет» (2005) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарімен; «Тіл жанашыры» (2008), «Қазақстан Республикасының полициясына 20 жыл» (2015), «Желтоқсан оқиғасына – 30 жыл» (2016) төсбелгілерімен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша, сондай-ақ С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 1990-1993 жылдары – XII сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды дамыту және халыққа білім беру мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары. 1993-2007 жылдары – Алматы қаласы білім департаментінің директоры. 2007-2011 жылдары – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының, 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букваренок» оқу құралының, «Языковое самосознание и мотивация языков» оқулығының авторы.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, омырау белгісі ұсыныла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин омырау белгісімен, «М.В. Ломоносов» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қорған ауылшаруашылық институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді (1989).
Еңбек жолы: «Новокаменский» совхозының экономисі (1989-1992); агрофирманың бас экономисі (1992-1996); Қызылжар аудандық қаржы басқармасының басшысы (1996-2002); Солтүстік Қазақстан облысындағы статистика департаменті басшысының орынбасары, басшысы (2011-2014); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі (2014-2020).
2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» ордені (2016); «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының иегері.
Алматы қаласында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы – халықаралық экономист.
Еңбек жолы: 1995-1997 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан; 1997-2000 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ-да түрлі қызметтер атқарған; 2000 жылы «Қазпошта» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалған. Осы қызметті 2004 жылға дейін атқарып, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасарлығына дейін көтерілді; 2005-2006 жылдары – ҚР Индустрия және технологиялар министрлігіне қарасты «Қазинвест»инвестицияларға қолдау көрсету орталығы» ЖАҚ президенті; 2006-2009 жылдары – «Еуразиялық даму банкі» халықаралық ұйымы жобалау тобының директоры; 2008-2011 жылдары – «Республика» ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі – Тәуелсіз директор, ДК жанындағы Ішкі бақылау және қаржы комитеті төрағасы; 2011-2014 жылдары – «Қазпошта» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, кейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының м.а.; 2014-2015 жылдары – «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялар холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары; 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей Федерациясы) бас консулы; 2017 жылдан «Лизинг Групп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
2019 жылдан бастап – қазіргі қызметінде.