Бұл туралы бүгін 2010 жылдың қорытындыларына байланысты журналистермен кездескен аталмыш департаменттің баспасөз-хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.
Оның айтуынша, аталмыш қылмыстық топ өкілдері 23 жалған кәсіпорын құрып, салықтан жалтарған. Сот топ өкілдерінің барлығын айыпты деп тапты. «Сондай-ақ қылмыстық топ құрып, жалған кәсіпкерлікпен айналысқан Фалей атты азаматша 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың әрекеттерінен келген шығын 640 миллион теңгені құрады»,- деді баспасөз-хатшысы.