АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 сәуір күні Қытайда Тынық мұхитының батыс аймағында ҚХР Азаттық армиясының құрылғанына 69 жыл толуына орай әскери жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайлық xinhuanet.com агенттігі келтірген дерек бойынша, ауқымды әскери іс-шарада 1995 жылы туған Жадыра Қабыл атты қазақ қызы алып әскери ұшақ тасығыш кемені жүргізген.
Сондай-ақ, 81.cn агенттігінің мәліметінше, Жадыра Қабыл тізгіндеген «Лияу Ниң» маркалы кеме - Қытай теңіз армиясының ең үлкен әскери кемесі.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан