23 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 23 желтоқсанда Астана мен Алматы қалаларында бірқатар шаралар жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанадағы Оқушылар сарайында қала әкімі Әсет Исекешевтің атынан жаңажылдық шырша ұйымдастырылады. Аталған шара таңғы сағат 10:00-де басталады.

Сағат 11:00-де «Scandinavian Council» мәдениет, өнер мен білім беру қоры барша алматылықтарды Скандинавия елдерінің Рождествосын тойлауға шықырады.

Ал сағат 12:00-де Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Щелкунчик» спектаклі қойылады. Оған әлемнің жетекші театр жұлдыздары қатысады. Аталған шараға балалар үйлерінің шәкірттері, интернат оқушылары, көп балалы отбасылардың өкілдері шақырылып отыр.