23 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12.00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Илья Ильиннің қатысуымен баспасөз конференциясы және балаларға арналаған жеке шеберлік сағаты өтеді.

14.00-де Park Inn қонақ үйінде «Оңалту – мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды стратегиясы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар жылының қорытындысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де «Астана Опера» театрында Umai бірінші ұлттық жүлдесін табыстау жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.

19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті ұсынылады.