10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Отырыс Парламент сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен, онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми Facebook парақшасында өтеді.
10.00-де ҚР ұлттық кітапханасында ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫ КЕЛБЕТІ - ЫБЫРАЙ» тақырыбында қалалық конференция өтеді.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен «Пригородный» тұрғын алабында «InterPro» жаңа аула клубы ашылады.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен есептік кездесу өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жолдау аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және 2021 жылдың қорытындылары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook
15.00-де Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасы таныстырылады.
Отырыс сайтта онлайн режимде көрсетіледі.
16.00-де «Отандастар Қоры» КеАҚ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 2021 жылғы есептік қорытынды жиынын өткізеді.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы тапсырмаларын жүзеге асыру және 2021 жылындағы қызметінің қорытындылары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook
17.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Абай академиясы жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы есеп беру шарасын өткізеді.