Өткен жылы елордада бала күтуші әйел мен онымен бірге тұратын адам кішкентай балаға физикалық күш қолданып, салдарынан ол көз жұмған.
«Қала прокуратурасының үйлестіруімен шұғыл-тергеу тобы құрылған. Істі жедел әрі объективті тергеу қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушылар аталған тұлғалардың кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарды ұсынды. Сот үкімімен олар сәйкесінше 17 және 23 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура мәліметінде.