24-26 тамыз аралығында ауа-райы қандай болады
«Ауқымды антициклон республиканың көптеген бөліктеріне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, тек елміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты - өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғып, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде. Солтүстік пен оңтүстік және орталықта күндіз термометр бағанасы 28-36 градус ыстық, ал шығыс және оңтүстік-шығыста 22-30 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы
24 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.
25 тамыз күні: көшплелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Шығыстан соққан жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.
26 тамыз күні: көшплелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Оңтүстік батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +30+32°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы
24 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.
25 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.
26 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.