24-26 тамыз аралығында ауа-райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 24-26 тамызына арналған ауа-райы болжамын жария етті.

«Ауқымды антициклон республиканың көптеген бөліктеріне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, тек елміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты - өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғып, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде. Солтүстік пен оңтүстік және орталықта күндіз термометр бағанасы 28-36 градус ыстық, ал шығыс және оңтүстік-шығыста 22-30 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

24 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 13 15°С, күндіз 29 31°С.

25 тамыз күні: көшплелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Шығыстан соққан жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 14 16°С, күндіз 29 31°С.

26 тамыз күні: көшплелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Оңтүстік батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 15 17°С, күндіз 30 32°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

24 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 25 27°С.

25 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 25 27°С.

26 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 27 29°С.