24-28 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жабылады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 24-28 қыркүйекте алдағы Құрбан айт мейрамы мен Қытайдағы «Күз ортасы» ұлттық мерекесіне байланысты қазақстандық-қытайлық шекарада өткізу пункттері уақытша жабылады.

Бұдан бұрын БАҚ-та хабарланғандай, 24-28 қыркүйекте қытай тарапының бастамасымен Қырғызстан мен ҚХР шекарасының өткізу пункттері жабылды. Адамдар, көліктер мен жүкті өткізу 29 қыркүйекте жаңартылатын болады.