24-30 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мәдениет басқармасы 24-30 қыркүйек күндері елорданың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24-30 қыркүйек күндері Тәуелсіздік сарайында бірқатар көрме өтеді. Атап айтқанда, ҚР Өнер Академиясының «Астана - арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, Фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілір көрмесі, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылады.

24 қыркүйек

11:00-13:00 аралығында - «Жастар» сарайында «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» ашық есік күні өтеді.

25 қыркүйек

10:00-де Зағиптар қоғамының ғимаратында мүгедектер күніне арналған шахматтан «Тіке-тірес» фестивалі басталады.

18:00-де «Астана» концерт залында классикалық, эстрадалық вокал солисттерінің «Қазақ операларының әпсаналары» камералық вокалды музыка кеші өтеді.

26 қыркүйек

10:00-де Зағиптар қоғамының ғимаратында мүгедектер күніне арналған дойбыдан «Тіке-тірес» фестивалі басталады.

27 қыркүйек

19:00-де «Астана» концерт залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблінің және халық ән солисттерінің қатысуымен Күнсұлу Тұрлыбекованың жеке концерті басталады.

28 қыркүйек

9:00-де «Жерұйық» саябағында Қарттар күніне орай қарттар арасында

«Көңілді старт» жарысы өтеді.

19:30-да «Астана» концерт залында «Jazz time» концерті. Үрмелі оркестрдің 18 концерттік маусымының ашылуы өтеді.

28-29 қыркүйек

11:00-де «Барыс Арена» мұз сарайында жүзуден «№4 БЖМОРСМ» біріншілігі басталады.

19:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Жайдарман» жоғарғы лигасы өтеді.

29 қыркүйек

10:00-де Саңыраулар қауымдастығының ғимаратында мүгедектер күніне арналған дойбыдан «Тіке-тірес» фестивалі басталады.

Сонымен бірге, 10:00-де «Сарыарқа» велотрегінде Қарттар күніне арналған спартакиада (шағын-футбол, волейбол, шахмат) басталады.

15:00-де Арбат алаңында Қарттар күніне арналған флэш-моб басталады.

18:00-де «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрдің концерттік маусымының ашылуы - Базарбай Жұманияздың шығармашылығына арналған концерт өтеді.

29-30 қыркүйек

12:00-де «Барыс» спорт кешенінде 2018-2019 жж. маусымаралық Орал және Батыс Сібір хоккей мектептерінің 2005 жасөспірімдер арасындағы Ресей Біріншілігі өтеді.

12:00 және 14:00-де Қуыршақтар театрында Р.Киплингтің «Маугли» шығармасының желісі бойынша Т. Хасанғалиеваның «Ана құдіреті» қойылымы өтеді.

30 қыркүйек

9:00-де Астана ЭКСПО-2017 автотұрағында Автоаслалом бойынша Астана қаласы кубогының 3-кезеңі өтеді. 

10:00-де Нашар еститіндер қауымдастығының ғимаратында мүгедектер күніне арналған шахматтан «Тіке-тірес» фестивалі басталады.

10:00-де «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» спорт кешенінде «Astana MMA Open» ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша ашық турнирі басталады.

10:00-де «Жастар» сарайында мысықтар көрмесі өтеді.

11:00-де «Соқпақ жол торабы» веложолында Велоспорттан (тас жолы) топтық жарыс 50 шақырым Астана қаласының чемпионатының жабылуы өтеді. 

14:00-де Қазмедиа орталығында «Асыл Ана» республикалық фестивалі өтеді.

20:00-де Премер-Лига клубтары арасындағы «Астана» ФК - «Жетісу» ФК  футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталады.