«Орталықтың дәрігерлері тұмау және тұмауға ұқсас ауруларға зерттеу жүргізіп жатыр. Дәл осы жерде коронавирус инфекциясының РНҚ-сын анықтау жұмыстары атқарылады. Жалпы коронавирус – РНҚ-сы (рибонуклеин қышқылы) бар вирус, ол тұмау инфекциясына жатпайды. Біз мұрын және ауыз қуысынан жұғынды алып, тексереміз. Себебі ол вирус жоғары тыныс алу жолдары арқылы ағзаға енеді», - дейді Ұлттық сараптама орталығы вирусология лабораториясының меңгерушісі Айнаш Мақышева.
Бүгінде зертхана коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалға байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
«Лабораторияға анализ түскен бетте 6-7 сағаттың ішінде қорытындысы дайын болады», - дейді ол.