Атап айтқанда, 8 ақпанда Мыңбұлақ пен Шаян кенттері аралығындағы жолда автобус қарға кептеліп тұрып қалған. Оның ішінде 8 жолаушы болған, араларында 2 бала бар. Құтқарушылар автобусты тіркеп, қардан тазартылған жерге шығарды. Одан әрі көлік өз бағытымен жүрісін жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ Асықата және Шаян кенттері аралығында ішінде 12 адамы, олардың арасында екі бала бар 3 жеңіл машина қалың қарға малтығып қалған. Құтқарушылар көліктерді шығарып Шаян кентіне дейін жеткізіп салды. Зардап шеккендер жоқ.