«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының жекелеген жерлерін түнде тұман басады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің күші 29 м/с жетуі ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан , Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейетіндігі күтіледі.