24 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 24 ақпан сағат 09:00–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл қаласы — РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)» 341-473, 492-522 шақырым (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл ауылы, Мамлютка шеңберінен РФ шекарасына дейін);

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (РФ шекарасы айналма жолы, Қайрақ ө/п)» 729-856 шақырым (Қостанай облысының шекарасы — Ақмола облысы шекарасы);

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» 595-946 шақырым (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл ауылы);

• «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық ө/п)» 50-280 шақырым (Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы);

• «Көкшетау — Рузаевка» 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасы — Рузаевка ауылы);

• «Қостанай — Мамлютка» 226-406 шақырым (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қаласы);

• «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы (Қызыл жар ө/п)» 11-73 шақырым (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);

• «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка» 0-31 шақырым (Петерфельд ауылы — Новокаменка ауылы);

• «Булаево — Рощинское» 0-228 шақырым (Булаево қаласы — Рощинское ауылы);

• «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» 0-87 шақырым (Рощинское ауылы — Волошинка ауылы);

• «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» 0-119 шақырым (Волошинка ауылы — Тимирязево ауылы);

• «Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол» 0-24 шақырым;

• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» 0-32 шақырым (Тимирязево ауылы — Қостанай облысы шекарасы);

• «РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) — Петропавл» 0-120 шақырым (РФ шекарасы — Петропавл қаласы).

Қостанай облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (РФ шекарасы айналма жолы, Қайрақ ө/п)» 682-729 шақырым (Сарыкөл ауылы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

• «Қостанай — Мамлютка» 180-250 шақырым (Ұзынкөл ауылы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Ақмола облысы

• «Көкшетау — Рузаевка» 0-61 шақырым (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

• «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» 2-50 шақырым (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

• «Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен)» 0-18 шақырым (Көкшетау қаласы);

• «Щучинск — Зеренді» 0-77 шақырым (Щучинск қаласы — Зеренді ауылы);

• «Көкшетау — Атбасар» 0-184 шақырым (Көкшетау қаласы — Атбасар қаласы);

• «Макинск — Ақсу–Торғай» 0-240 шақырым (Макинск қаласы — Торғай ауылы);

• «Астана — Петропавл» 18-341 шақырым (Астана қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» 16-407 шақырым (Астана қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Жабық жолдар

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Ауа райы

2026 жылғы 24 ақпанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей жерінде қар жауып, боран соғады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — деп ескертті ҚазАвтоЖол.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК 24 ақпанда еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялаған еді.