Бұл туралы білім министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты - көмекке мұқтаж күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсету. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ел тарихындағы маңызды оқиға - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай әкімдіктерді, маслихаттарды, білім беру органдарын, демеушілер мен меценаттарды, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафоны да өткізілуде. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы 18 тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Алтын қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының қатысуымен қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл ретте күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан 24 балаға 1 млн. 680 мың теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетілген. Мектептік құрал-жабдықтары, мектеп киім үлгісі, спорт киімдерін және маусымдық киімдерді сатып алу үшін әр ата-анаға 70 мың теңгеден тапсырылды. Ал «Арман ПВ» баспасы балаларға сомасы 63 мың теңгеге оқулық әдебиеттерді сыйға тартты.