24 елдің басшылары жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешу үшін Парижге жиналды
14:45, 12 Қараша 2013
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ЕО-дағы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін 24 еуропалық мемлекет басшылары Парижде кездесті.
Осы елдердің 18 бен 25 жас аралығындағы тұрғындарының 25 пайызы жұмыссыз. Ал Грекия мен Испанияда жастар арасындағы жұмыссыздық 50 пайызға жеткен, деп хабарлады БИ-БИ-СИ-дің орыс қызметі.