24 қаңтарда «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады
Бұл жайында аталған банктің баспасөз қызметінен хабарланды.
«3ТА Pictures» компаниясы түсірген 16 сериядан тұратын «Әке сертi» телехикаясы жалпыадамзаттық құндылықтарды алға тарта отырып, бір отбасы төңірегіндегі оқиғаны баяндайды.
Басты рөлді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев сомдайды. Одан басқа «Әке сертi» телехикаясында Гүлшарат Жұбаева, Гүлбахрам Байбосынова, Айғаным Өтепбергенова, Ернар Жұматаев, Ақылжан Мақашев және басқа да отандық актерлар ойнайды.
16 сериялы драманың мемлекеттік тілде түсірілгенін естеріңізге сала кетейік. Дегенмен премъералық көрсетілімінен кейін, фильм көгілдір экраннан орыс тіліндегі субтитрлері мен дубляжымен шығады. Атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні шытырман хикаялы сериалдың саундтрегіне айналды.
«Әке сертi» телехикаясының алғашқы көрсетілімі 24 қаңтарда, бейсенбі күні кешкі сағат 21.50-де басталады.