Жамбыл облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстанда көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал, боран соғады. Алматы, Атырау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Қарағанды облысында түнде боран соғады. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірлерінде боран болып, желдің күші 15-20 м/с болады.
«Температураның анағұрлым төмендеуі республиканың солтүстік бөлігінде күтіледі, онда түнгі температура кей жерлерде 40-43º аязға дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда да суық, түнде кей жерлерде 25-30º, шеткі оңтүстікте 13-20º аяз болады, ол климаттық нормадан анағұрлым төмен», - деп жазылған хабарламада.