24 қарашада Қазақстанда метеорологиялық жағдай қандай болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қараша күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, тек Қызылорда қаласында ғана жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.