24 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 24 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Жетісу облысынан сайланған депутаты Ғалиасқар Төлендіұлы САРЫБАЕВ дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, инженер-конструктор (1985); Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, заңгер.
Еңбек жолы: Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор (1985-1986); Сарыөзек-Алматы темір жолы локомотив депосы комсомол комитетінің хатшысы (1986-1988); Талдықорған облысы Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1987-1991); Кербұлақ аудандық партия комитетінің кеңесшісі (1991); халық депутаттары Кербұлақ аудандық Кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің ассистенті (1991-1992); Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы әкімшілігі басшысының көмекшісі (1992-1993); Кербұлақ ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры (1993-1994); Кербұлақ аудандық тілдер бөлімінің меңгерушісі (1994-1995); Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы (1995-1996); Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі (1996-1999); «Отан» ҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, «Тұмар» сақтандыру компаниясының вице-президенті (1999-2001); «Тоқсын Құлыбекұлы атындағы жастардың ғылым мен мәдениеттегі шығармашылығын қолдау» қоғамдық қоры директорының орынбасары, Алматы (2001); «Жаса Фирма» ЖШС банкроттық жөніндегі басқарушысының орынбасары, Талдықорған қ., ҚХАСК Самал (2001-2002); Алматы облысы бойынша ақпаратты басқару басқармасының бас маманы, басшысы (2002-2004); Алматы облысы Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы, директорының орынбасары (2005-2011); Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (2011-2015); Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы (2015-2016); Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі (2020-2022).
59 жыл бұрын (1964) «Қазавтожол» ЖШС бас директоры Самат Қуанышұлы ҒЫЛЫМОВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1987), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) бітірген.
Еңбек жолы: Гурьев облысының Қосшағыл кеңшарында слесарь (1981-1982); Гурьев облысы Қосшағыл совхозының «Автогаражында» машина ауласының меңгерушісі (1987-1988); Гурьев облысы Қосшағыл совхозының МТМ меңгерушісі (1988-1990); Гурьев облысы Теңдік совхозының бас инженері (1990-1991); «Атыраурыбпром» басқармасының инженері (1991-1992); «Меркурий-Интернейшнл» бірлескен кеңес-Француз кәсіпорнының техникалық директоры (1992-1993); «Алин-Холдинг» ЖШС Атырау өкілдігінің өңірлік өкілі (1993-1995); «Қант орталығы» ЖШС өкілі (1995-1997); «Қазақстан Сауда және қаржыландыру» РҚБ өкілі (06.1997-12.1997); ҚР Салық полициясы органдарындағы қызмет (1998-2002); Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2002-2005); «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» филиалы аппаратының басшысы - директордың орынбасары (2005-2007); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығы орынбасарының м.а. (04.2008-06.2008); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары (06.2008-08.2008); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы (2008-2009); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы (2013-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы (2014-2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасының орынбасары (2017-2019); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы (2019-2022 жж.).
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1969) Түркістан облысы бойынша ПБ басшысы Мұрат Талапұлы ҚАБДЕНОВ дүниеге келді.
Шымкент педагогикалық институтын (1992), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1996) бітірген.
Арнайы атағы: полиция генерал-майоры.
Еңбек жолы: Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ҚІБ жедел уәкілі (1992-1993); Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы МТКБ бастығының орынбасары (1993-1997); Оңтүстік Қазақстан облысы БІІБ ұйымдастырушылық-әдістемелік және КПҚ шетелдіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы (1997-1999); Сарыағаш ауданы Ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің бастығы (1999-2001); Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы (2001-2003); Ақмола облысы БІІБ бастығының орынбасары (2003-2005); Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2005-2007); Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы (2007-2009); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (2009-2011); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012); Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы (2012-2014); ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі (2014-2017); ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы (2017-2022 жж.).
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
40 жыл бұрын (1983) журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Жұлдыз Қажыкенқызы ОМАРБЕКОВА дүниеге келді.
Алматы Қаласының тумасы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген (2003), әлеуметтану магистрі (2005). Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: «А1» телеарнасының редактор-жүргізушісі (1999-2000); «Хабар» телеарнасының редактор-жүргізушісі (2000-2002); «Юникс-Тассай» компаниясында бренд-менеджер, маркетинг бөлімінің бастығы, атқарушы директоры (2002-2009); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану кафедрасының оқытушысы (2004-2008); «Rating» зерттеу орталығының президенті (2010-2013); «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті (2004-2013); Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары (2013-2014); Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары (2015-2016); Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі (2018-2019); Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (2019); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты (2019-2021), Қазақстан Республикасы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2019-2021).
«31 арна» телеарнасында қазақстандық телевизияда тұңғыш «Жақыныңа жәрдемдес» әлеуметтік-телевизиялық жобасын жасаушы (2004); «Алтын Жүрек» бірегей сыйлығын табыстау рәсімінің (2007); мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Самғау» қоғамдық сыйлығының құрылтайшысы (2010).
36 жыл бұрын (1987) Кино және театр актрисасы, эстрада әншісі Салтанат Ермекқызы БАҚАЕВА дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (ҚазҰӨА) театр өнері факультетін «драма театры мен кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген (2009).
2010 жылы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды.
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арнау» эстрадалық тобының солисі.
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015).
Сахнадағы негізгі рөлдері: Е. Жуасбектің «Күлейін бе, жылайын ба?» комедиясында Эля (реж. М. Ахманов); М. Сәрсекенің «Өмір осындай» драмасында Айнагүл (реж. О.Кенебаев); У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясындағы Джульетта (реж. О. Сәлімов); М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Зубаржат (реж. О. Кенебаев); И. Сапарбайдың «Менің махаббатымның мұңы» спектакліндегі Айгүл (реж. Е. Обаев); М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңыз» комедиясында Оксана (реж. О. Кенебаев); Н. Оразалиннің «Шам жанған түн» спектакліндегі қыз (реж. Н. Жақыпбай); Ғ. Есімнің «Таңсұлу» спектаклінде Таңсұлу (реж. А. Кәкішева).
119 жыл бұрын (1904-1992) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен ӨЗДЕНБАЕВ дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Орынборда мұғалімдер даярлау курсын (Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың дәрісіне қатысқан), Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлау курсын, Қостанай мұғалімдер институтын бітірген.
1920-1928 жылдары кеңес заң органдарында қымет істеді, 1928-1973 жылдары баспалардың редакторы болды. Әдеби қызметін 1929-1930 жылдары бастады. 1937 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан өңірінде шығып тұрған газетке редактор, бір жылдан соң партиялық баспаның бас редакторы болды. Ал содан жарты жыл өткенде халық жауы ретінде партия қатарынан шығарып, контрреволюциялық қызметі үшін қамауға алады. Басқа да түрлі айыптаулар тағылып, 1938 жылы сотталып, 1941 жылға дейін түрмеде отырып шықты. Ол сотталып шыққаннан кейін ұзақ жылдар бойы ҚазТАГ ақпарат агенттігінде (қазіргі «ҚазАқпарат» ХАА, биыл агенттікке 102 жыл толып отыр) қызмет етті.
Қостанай округтік «Ауыл» газетінде фельетондары, очерктері жарияланды. М. Алексеевтің «Большевиктер», М. Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И. Гончаровтың «Обломов», О. Бальзактың «Шегірен былғары» романдарын, П. Мерименің, И. Вазовтың әңгімелерін қазақшаға аударды. Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н. Кузьминмен бірге қазақ тілінінен орысшаға аударды, А. Мұхтардың «Апалы-сіңлілер» романын өзбекшеден, Ә. Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.