Аталмыш топ шығарған баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, ол және өзге де кибер азат ету топтары «бейбіт түрде, бірақ қаһарлы» қарсылық көрсетеді, деп хабарлады Утро.ру.
Anonymous ескерткендей, 24 қыркүйекте тал түсте АҚШ-тың ондаған қаласында «Кек күніне» байланысты қарсылық акциялары басталады. Сонымен қатар, Уолл-стриттің қаржы институттарына, жемқор банктер мен Нью-Йорктың полиция департаментіне қарсы бірнеше шабуыл жасалады. Хакерлер тобы акция туралы есеп тәулік ішінде жарияланып отыратын @PLF2012 твиттер-аккаунтына жазылуға шақыруда.