Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жалпы отырыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелерін реттеуге бағытталған және денсаулық сақтауға қатысты заң жобалары бірінші оқылымда Палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңының жобасы және соған сәйкес ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түседі.
«Магистральдық құбыр туралы» және соған сәйкес ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқыға салу үшін жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілген.
Жалпы отырыста Үкіметтен келіп түскен заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралады.