9.00-де М.Нәрікбаев атындағы университетте Media Club Qazaqstan жабық форматтағы кездесу өтеді. Спикер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі - Дархан Қыдырәлі.
10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешенінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай бағдарлама түлектері арасында V Спартакиада өтеді.
10.00-де Конгресс орталықта Қазақстанда алғаш рет құрылысшылар қауымына және кәсіпкерлерге арналған ауқымды іс-шаралардың бірі - «Преодоление» форумы өтеді. Жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен құрылысшылар, ірі кәсіпкерлер және өзге саланың бизнес өкілдері қатысады.
11.00-ден 21.30-ға дейін Е.Рахмадиев атындағы филармония алаңынан Есіл өзенінің жағалауына дейін түрлі іс-шаралар өтеді: «Музыка балалар көзімен» балалар сурет байқауы, «Бормен сурет салу», «Мүсін», «Композиция» атты үш номинацияда үздік жұмыстарды таңдау және марапаттау; «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің және Үрлемелі оркестрдің «Музыкалық аспаптар әлеміне саяхат» атты жас музыканттарға арналған шеберлік сағаттары өтеді.
12.30-да Студенттік саябақта «Ұрпақтар үні» жобасы аясында көше және ұлттық ойындар бойынша турнир өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.