НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «КВИ эпидемиясы жағдайында жедел жәрдем қызметі туралы» сараптамалық брифинг өтеді.
Брифингке Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіпов, Нұр-Сұлтан қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директоры Мұрат Оразбаев қатысады.
10.00-де SVOY мейрамханасының террасасында «Шапағат» халықтық жобасы мен психолог Дармина Попова халықтың әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне тегін психологиялық тренинг өткізеді.