Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазаақстан, күндіз Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де күн қатты ысиды.
Атырау облысында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.