24 маусымда Ұлттық экономика министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 24 маусымда сағат 15:00-де Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың халық алдында есептік кездесуі өтеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Қуандық Бишімбаев елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларын дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді», - делінген хабарламада.

Осыған орай, министрлік есептік кездесуге барлық мүдделі азаматтарды қатысуға шақырады.

Сонымен, қатар өздеріңізді толғандырған сұрақтарды 74-30-38, 74-39-97 телефондары арқылы беруге болады.

Кездесудің уақыты мен өтетін жері: Астана қаласы, Д. Қонаев 4 даңғылы,«Қазмедиа орталығы» ғимаратының Киноконцерттік залында (кіру «Транспорт Тауэр» ғимаратының жағынан). Кіру еркін.