ЕСІМДЕР
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған.
Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.
Қырық жылға жуық Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрылысын жобалау институтында сәулетші, бас сәулетші болып еңбек еткен.
Ол «Нұр Астана» мешіті, Астана қаласы ұлттық нейрохирургия орталығы, «Алатау» ТК жұмыс жобасы, «Егемен Қазақстан» ғимараты кешенінің жұмыс жобасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің зертханалық корпусы мен жатақханасы құрылыстарын, Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі, Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ферғана және Самарқан қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан..
«Құрмет» және І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Қазақстан және Өзбекстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, «Тәуелсіздікке 10 жыл» медалінің иегері.
Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» газетінен бастаған. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ақынның «Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым!» «Шешендер» атты жыр жинақтары, «Отағасы», «Қаңтар» повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» романдары жарық көрген. Шешенстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденімен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.
1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары – Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары – «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары – «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары – «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-ның бас директоры. 2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008–2014 жылдар аралығында «ҚТЖ» АҚ-ның вице-президенті. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды (2014-2017).
Қазіргі қызметін 2017 жылдан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірген. Заң ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтында бастады. 1996 жылдан - ҚР-ның ГФР-дағы сауда өкілінің орынбасары, «Қазақстан әуе жолы» Ұлттық авиакомпаниясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры. 2006 жылдан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009 қаңтар-маусым айларында – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009-2010 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2014 жылдары – ҚР мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдан бері.
«Құрмет» орденімен марапатталған. Бірқатар жұмыстардың, монографияның, басқа да ғылым еңбектердің, өнертабыстардың авторы.
Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – құқықтанушы.
1991-1996 жж. –Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында әртүрлі қызметтер атқарған. 2000-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының құқықтық ақпарат жөніндегі аға көмекшісі, Шымкент көлік прокурорының аға көмекшісі. 2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Алдын ала тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті Қаржы полициясы органдарындағы және ҰҚК-дағы алдын ала тергеудің, анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының аға прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры. 2006-2011 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының прокуроры. 2011-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Өңірлік көлік басқармасының бастығы. 2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті 1-ші басқармасының (тергеуді және анықтауды ұйымдастыру және оларды бақылау жөніндегі басқармасының) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары. 2015-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры. 2016-2017 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі (2017-2021).
Қазіргі қызметін 2021 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.
Марапаттары: «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі.
А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған. 1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтардан – Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтардан – ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2016-2017 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған. 2017-2019 жылдар аралығында ҚР Бас прокуроры. Қаржы полициясының генерал-майоры.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.
ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей Федерациясының «За нашу победу» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.