24 сәуірде елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 сәуірде елімізде өтетін маңызды оқиғалардың алдын ала шолуын ұсынады. 

АСТАНА

9:00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтеді.

9:00-де Hilton қонақ үйінде Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы өтеді. 

10:00-де EXPO-2017 аумағында «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» тақырыбында студенттік хакатон өтеді. Бұл шара – тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларындағы инновациялық идеяларды жүзеге асыру алаңы болмақ. 

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Иммунопрофилактика мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15:00-де Maqsut Narikbayev университетінде «Жұмыс істемейтін кассация» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Онда заңгерлер, депутаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері ӘҚБтК бойынша шағымдану болашағын талқылайды. 

15:00-де Nazarbayev University ғимаратында «Даланың жасыл инноваторлары: Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыру» кітабының ресми тұсаукесері өтеді. 

15:00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді.

17:00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі XII отырысы өтеді.