Синоптиктердің болжамынша, циклон шығысқа қарай жылжыған сайын, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыс пен солтүстікте 15… 25°С-тан 12… 20°С-қа дейін төмендейді,
- оңтүстікте 27… 32°С-тан 18… 25°С-қа дейін төмендейді,
- батыста 13… 20°С-тан 18… 25°С-қа дейін жоғарылайды,
- шығыста 18… 26°С-қа дейін көтеріледі,
- орталықта 15… 25°С шамасында сақталады,
- оңтүстік-шығыста 25… 30°С болады.
Айта кетейік, Қарағанды облысында сәуір айында қатты жел мен шаңды дауыл күтіледі.